Былтыр 1 шілдеден бастап елімізде дәрілік заттарды таңбалау жүйесі іске қосылғанын еске салайық
Соңғы 4 айда дәрі-дәрмекті сандық таңбалаудың нәтижесінде 750 миллион теңге үнемделген. Ал препараттарды цифрландыру жалған өнімдердің азаюына әсер етіпті. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, 360 миллионға жуық дәрі-дәрмек таңбаланған. Бұл жұмыспен 36 отандық өндіруші мен дистрибьюторлар айналысып жатыр. Елімізде 8 мыңға жуық дәріхана мен 1900-ге тарта медициналық ұйым дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетеді.
Былтыр 1 шілдеден бастап елімізде дәрілік заттарды таңбалау жүйесі іске қосылғанын еске салайық.
«Қаржы министрлігімен бірге есептеген кезде, бірінші тоқсанда 15%-ға дейін өндірушілер мен дистрибьюторлардың тауар айналымы өсіп отыр. Бұл дегеніміз контрафакті мен контрабанда өнімдерінің азаюына әсер етеді және Қазақстанға кіріп жатқан дәрі-дәрмектің сапасына тікелей әсер етеді», – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов.
Оқи отырыңыз: Абай облысында үйінде заңсыз оқ-дәрі сақтап келген әйел жазаланды