Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды
Премьер-Министрдің орынбасары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұйрық жобасына сәйкес, кәсіби мерекелер тізбесіне Қазақстан кәсіпкерлері күні, Қазақстанның қолөнершілер күні, Табиғи монополиялар саласы жұмыскерлерінің күні, Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні, Кадр қызметі жұмыскерлерінің күні, Қоғамдық тамақтандыру саласының жұмыскері күні атты жаңа кәсіби мерекелер енгізіледі. Сондай-ақ Энергетик күнін мерекелеу желтоқсанның үшінші жексенбісінен 22 желтоқсанға өзгертіледі.
Еске сала кетейік, былтыр ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ведомство басшысының 8 жаңа кәсіби мерекені бекітуді көздейтін бұйрығының жобасы негізігінде елімізде жаңа кәсіби мерекелер пайда болған еді.
Аталған құжатқа сай:
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды.
Дереккөз: Қазақпарат
Оқи отырыңыз: Алматыда 26 мамыр мен 1 маусым аралығында ауа райы қандай болады