Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады

04.05.2026 14:55

Синоптиктер алдағы күндері  жаңбыр жауып, тұман түседі  деген болжам жасады

Almaty.tv

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райының құбылмалы сипаты сақталады – жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, желдің екпіні күшеюі мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv

"Қазгидрометтің" мәліметіне сәйкес, 5 мамырда елдің солтүстігінде, 6–7 мамырда батысында қатты жаңбыр күтіледі. Республика бойынша батыс өңірлерде түнгі және таңғы сағаттарда тұман болжанады.

Республика аумағында ауа температурасының аздаған ауытқуы күтіледі. Елдің оңтүстігінде күндіз температура +22…+32°C-тан +27…+36°C-қа дейін көтеріледі, ал оңтүстік-шығыста +15…+30°C-тан +20…+35°C-қа дейін жоғарылайды.

Оқи отырыңыз: Шомылу маусымы: Алматыда қай жерде шомылуға болады