Елімізде биылғы оқу жылындағы қорытынды емтихан мерзімдері бекітілді

22.05.2026 10:11

Аттестат тапсыру салтанаты 17-18 маусым аралығында өтеді

Аlmaty.tv / Виталий Фатчев

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен 2025–2026 оқу жылындағы қорытынды аттестацияны өткізу тәртібі бекітілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінен хабарлағандай:

  • 9-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар 2026 жылғы 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Олар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтихан тапсырады.
  • 11-сынып түлектеріне арналған мемлекеттік емтихандар 2026 жылғы 2 маусым мен 15 маусым аралығында өтеді. Оқушылар бес емтихан тапсырады, оның бірі ауызша форматта өткізіледі.

Негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыру салтанаты білім беру ұйымдарында 2026 жылғы 17-18 маусым аралығында өтеді.

Аттестат тапсыру іс-шарасы мектеп басшысының бұйрығы негізінде, ата-аналар комитетімен келісу арқылы мектеп ғимаратында өткізіледі.

Оқи отырыңыз: «Қазсушар» алдындағы диқандар берешегі 1 млрд теңгеге жуықтаған