Елімізде дәрігерлердің жұмыс кестесі өзгерді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде жалпы практика дәрігерінің жұмыс кестесі өзгерді. Денсаулық сақтау министрлігі медициналық-санитариялық алғашқы көмектің жаңартылған стандартын бекітті. Құжатта енді науқастарды медбикелер де қабылдайтыны жазылған. Ведомствоның мұндай қадамға баруына не себеп?

Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының бөлім меңгерушісі Гүлмира Дүйсембаева жауап береді.

–  Гүлмира Айтуарқызы, министрлік бекіткен медициналық-санитариялық алғашқы көмектің жаңартылған стандартындағы басты өзгеріс қандай?

«Жаңартылған 49-стандарт бойынша дәрігер 6 сағат науқас қабылдайды. Бұрын олар  4-5 сағат қабылдауда отыратын. Яғни 6-сағаты «жоспарланған қабылдау» деп айтамыз. Оған деген скринингке шақырылатын, вакцинацияға, иммундауға және диспансерный учетта тұратын пациенттер шақыралады»

– Жаңа стандартқа сай дәрігер енді науқасты қанша уақыт қабылдайды?

«Жаңа стандарт бойынша, дәрігер науқасты 15 минут қабылдайды. Пациентке байланысты, кейбір ауру түрлерін 10 минут, 7 минут жетеді. Ал кейде диагнозды анықтау үшін және басқа да жазған мамандардың жазулары қарауға 20-30 минут кетуі мүмкін»

– Құжатта тағы қандай өзгерістер бар?

«Жоспарланған қабылдау» кезінде бакалавр медбикелеріміз отырады. Оған диспансер есебінде тұрған, скринингке қабылдау, иммунизация, имуннопрофилактика, вакцинацияға келген пациенттерді шақырамыз. Соларды медбикелеріміз қабылдай алады».

Оқи отырыңыз: Гонконг тұмауы: СҚО-да науқастар саны артып келеді

Новости партнеров