Энергетика министрлігі жөндеу науқанының барысын тұрақты бақылауда ұстап отыр
Елімізде алдағы жылыту маусымына энергетикалық нысандарды дайындау жұмыстары ұйымдасқан түрде жүріп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесі Ресей Федерациясы және Орталық Азия елдерінің энергожүйелерімен қатарлас режимде тұрақты жұмыс істеуде. Электр станциялары Системалық оператор бекіткен кестеге сәйкес жүктемені көтеріп отыр.
«2025 жылға арналған жөндеу науқаны аясында электр станцияларында 10 энергия блогы, 63 қазандық және 39 турбинаға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Қазіргі уақытта 2 энергия блогында, 16 қазандық пен 8 турбинада жөндеу жұмыстары әртүрлі кезеңде жүріп жатыр. 1 энергия блогы мен 2 қазандықтағы жөндеу аяқталды», - делінген хабарламада.
Энергетика министрлігі жөндеу науқанының барысын тұрақты бақылауда ұстап, барлық жұмыстардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қабылдап жатыр.
Оқи отырыңыз: Отандық өндірушілерге табиғи монополия субъектісін сатып алуда басымдық беріледі