Құжатта айтылғандай өзгерістер мен түзетулер қысқартылған немесе цифрлық форматқа көшірілген анықтама құжаттарды қағаз түрінде талап етпеу үшін енгізіліп отыр
Көлік министрлігі әуе және теміржол жолаушыларының жеке басын куәландыратын құжатты тексеру, жүк және қол жүгін алып жүру қағидалары мен талаптарына өзгерістер енгізді. Құжат жобасы «Ашық НҚА» ресурсында жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жаңа ережелерге сәйкес әуежай және вокзалдағы тексеру қызметкерлері жолаушының жеке басын куәландыратын қағаз құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисіндегі электрондық жеке куәлігін тексеретін болады.
Құжатта айтылғандай өзгерістер мен түзетулер қысқартылған немесе цифрлық форматқа көшірілген анықтама құжаттарды қағаз түрінде талап етпеу үшін енгізіліп отыр.
«Бұйрық жобасын қабылдау көлік инфрақұрылымы объектілеріне баратын жолаушыларға жеке басын анықтаған кезде цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты көрсетуге мүмкіндік береді», - делінген құжат жобасында.
Жаңа жоба 11 қарашаға дейін жұртшылықтың талқысына ұсынылып отыр.
Оқи отырыңыз: Қостанай облысында жол апатынан төрт адам қайтыс болды