Бұл туралы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі айтты
Астанада ауа райының күрт суытуына байланысты оқушылар онлайн форматта білім алады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері ауа температурасы түнде де, күндіз де -15 градусқа дейін төмендейді. Қазақстан аумағының басым бөлігінде боран болып, көктайғақ күтіледі, жел күшейеді.
"2026 жылғы 12 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюі және ауа температурасының одан әрі төмендеуі) байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", — делінген білім басқармасының хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Алматыда 9-15 ақпан аралығында ауа райы қандай болады