Елімізде киіктер барлық талапқа сай сойылады

04.11.2025 15:32

Сараптамадан өтпеген ет сатуға жіберілмейді

Елімізде киіктер барлық талаптарға сай сойылады. Бұл туралы Үкіметте Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Аманғали Бердалин айтты,  деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, ақбөкендердің етін сатуға 15 ет комбинаты жұмылдырылады. Ауланған киіктің бәрі міндетті түрде бауыздалып, ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткізіледі. Ал сараптамадан өтпеген ет сатуға жіберілмейтін көрінеді. Оны арнайы инспекторлар қадағалайды. Аманғали Бердалин киік мекен ететін маңайдың топырағы мен суынан, жайылымы ортақ жануарлардан сынама алып, ауруға тексерілетінін жеткізді.

«Бұның барлығы жүйелі түрде ветеринарияның жоспарына енгізіліп, жұмыстар жасалынып отырады. Сондықтан ветеринария саласы жіті қадағалайды. Киіктердің сойылуына, оның сатылуына ешқандай күмән жоқ», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Аманғали Бердалин.

Оқи отырыңыз: Ет бағасы келесі жылы да қазіргі деңгейде сақталу керек – Айдарбек Сапаров