Елімізде көлік бағасы қымбаттауы мүмкін

Автосарапшылардың сөзінше, жаңа тәртіп енгізілсе, сырттан әкелінетін темір тұлпарлардың шығыны көбейеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде көлік бағасы шамамен 15 пайызға қымбаттауы мүмкін. Кедендік рәсімдеу кезіндегі төлем мөлшерінің 33 пайыздан 48 процентке дейін өсу ықтималдығы себеп, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Автосарапшылардың сөзінше, жаңа тәртіп енгізілсе, сырттан әкелінетін темір тұлпарлардың шығыны көбейіп, оның нарықтағы бағаның шарықтауына әсер етуі мүмкін. Бұдан бөлек, мұндай өзгеріс экологиялық көліктердің халыққа қолжетімділігін төмендетуі ықтимал. Осыған байланысты бастамашыл топ мәселені қоғам талқылауына шығаруды сұрап отыр.

«Көлік нарығына қатысты өзгерістер қызу талқыланып жатыр. Егер кедендік төлем көлемі өссе, шетелден көлік әкелу қиындап, оның салмағы қарапайым халықтың қалтасына түседі. Яғни темір тұлпардың бағасы да шарықтауы мүмкін. Сондықтан төлемді көтермеуді ұсынып отырмыз. Сондай-ақ экологиялық таза көліктердің көбеюі қоршаған ортаның жақсаруына да оң әсер ететінін айта кеткіміз келеді», – деді автосарапшы Данияр Күзембаев.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жол бойындағы сервис қалай өзгеріп жатыр