Азаматтар тарапынан 87 қару өз еркімен тапсырылды
Елімізде «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасының аясында 400 қару, екі жарым мыңнан аса оқ-дәрі, 6 жарылғыш зат заңсыз айналымнан алынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сонымен қатар 40 қару қоймасы анықталып, «Қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған жабдықтар да тәркіленіпті. Қатарында 4 тапанша, 4 мылтық, 2 Калашников автоматы және қорғаныш заттары бар.
«Азаматтар тарапынан 87 қару өз еркімен тапсырылды. 29 мыңнан астам азаматтық қару тексеріліп, 845 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері 10 мыңнан астам шаруа қожалықтарын тексеріп, әртүрлі 65 қару тәркіледі», – деді ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Оқи отырыңыз: Алматыда бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды