Бұған дейін конкурс өткізуге және сатып алу жеңімпазын анықтауға шамамен 2 ай уақыт кететін
Үкімет отырысында қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл мемлекеттік сатып алу мерзімдерін қысқарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұған дейін конкурс өткізуге және сатып алу жеңімпазын анықтауға шамамен 2 ай уақыт кететін.
бұл бағыттағы оң серпінді атап өтті:
«Жыл басынан бері біз конкурстардың мерзімдерін едәуір қысқарттық. Маған баяндалғандай, қазіргі таңда конкурстар бір аптаның ішінде өтіп жатыр. Бұл расында да солай ма?» - деді Премьер-министр Олжас Бектенов.
Вице-министр жаңа заңнама аясында мерзімдер 10 күннен 5 күнге дейін қысқартылғанын баяндады.
«Жаңа заңға сәйкес және Сіздің тапсырмаңыз бойынша біз қағидаларда мерзімдерді қысқарттық. Рейтингтік баллдық жүйе бойынша мердігер бес күнде таңдалынып алынады. Ал конкурс бойынша мердігер он күнде анықталады. Біз мерзімдерді қысқартумен қоса, процестерді оңтайландырдық және автоматтандыру процестерін қосып жатырмыз», — деді вице-министр Дәурен Кеңбейіл.
Премьер-министр мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
Оқи отырыңыз: Елімізде қытайлық маркалы автокөліктер құрастырылады