Елімізде оқу бағдарламасына жасанды интеллект сабағы енгізіледі

28.08.2025 15:42

Ал педагогтер арнайы даярлау курсынан өтеді

Елімізде оқу бағдарламасына жасанды интеллект сабағы енгізіледі. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Ермек Көшербаевтың төрағалығымен Сыр өңірінде өткен республикалық семинар-кеңесте айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алқалы жиында аймақтардың жаңа оқу маусымына дайындық барысы пысықталды. Білім күні қарсаңында еліміз бойынша 83 мектеп ашылады. Биыл жұмысшы мамандықтар жылына орай Оқу-ағарту министрлігі елдегі колледждерге 150 мың грант бөлді. Сондай-ақ кеңесте оқу бағдарламасына енгізілетін жаңашылдықтар талқыланды. Соның бірі – жасанды интеллект сабағы. Ол үшін педагогтер арнайы даярлау курсынан өтеді.

«Мектептер мен колледждерге ЖИ оқу процесіне енгізіледі. Бұл үшін біз барлық педагогті үш деңгейлі оқу курсынан өткіземіз. 1-11 сынып аралығында арнайы курстар дайындалды. Сол курстар оқытыла бастайды», – деді ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.

Оқи отырыңыз: Алматы білім орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтуда: жаңа студенттік жатақхана ашылды