Елімізде онколог-радиолог мамандары жетіспейді

10.06.2025 14:12

Зерттеулердің қолжетімділігін арттыру мақсатында жол картасы әзірленді

Almaty.tv

Елімізде 60 онколог-радиолог маман жетіспейді. Бұл туралы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы Ербол Бекмұхамбетов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Қазіргі уақытта онкологиялық орталықтарда 60 онколог-родиолог мамандары жетіспейді. Ол үшін министрлікпен, университеттермен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз", - деді Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. 

Институт басшысының айтуынша, бүгінде патоморфологиялық, иммуногистохимиялық және молекулалық-генетикалық зертханалар бүкіл ел көлемінде жоқ. Мысалы, молекулалық-генетикалық зерттеулер тек 5 қалада жүргізіледі. Сондықтан зерттеулердің қолжетімділігін арттыру мақсатында жол картасы әзірленді. Барлық өңірлік онкологиялық орталықтарды қажетті зертханалық жабдықтармен кезең-кезеңмен жабдықтауды, кадрлар даярлауды, түрік мамандармен бірлесіп, халықаралық тәжірибені қолдана отырып, телепатология жүйесін енгізуді көздейді.

"Бұл зерттеулер диагностикада ғана емес, сонымен қатар емдеу тактикасын анықтауда және ісіктің мақсатты және иммунды-онкологиялық препаратқа сезімталдығын анықтауда қажет", - деді Ербол Бекмұхамбетов.

Айта кетейік, елімізде жыл сайын елімізде 41 мыңнан астам адамға онкологиялық аурулар диагнозы қойылады. 

Дереккөз: ҚазАқпарат.

Оқи отырыңыз: Еңбек қауіпсіздігін арттыру: Бектенов нақты тапсырма берді