Депутат алкоголь өнімдерін сататын сауда орындарының санын шектеуді де ұсынды
Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов Премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында елдегі алкоголь өнімдері айналымына қойылатын талаптарды қатаңдатуды ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ішкі істер министрлігінің деректі алға тартқан депутат елде жасалатын әрбір екінші кісі өлтіру, әрбір үшінші зорлау мен бұзақылықты адамдар мас күйінде жасайтынын атап өтті.
Сондай-ақ тонау, жол-көлік оқиғаларының әрбір төртіншісі және тұрмыстық зорлық-зомбылық құқықбұзушылықтарының жартысынан астамы ішімдікке мас күйде жасалған.
"БАҚ-та кәмелетке толмағандардың мас күйде қоғамдық тәртіпті бұзатыны туралы ақпаратты жиі көреміз. Сауда нысандарының саны өте көп болғандықтан, олардың кәмелетке толмағандарға алкоголь сатпайтынына ешкім толық кепілдік бере алмайды, себебі оларды толыққанды бақылау физикалық тұрғыдан мүмкін емес. Алкоголь көптеген қылмыстың түпкі себебі болып отыр", — деді Магеррам Магеррамов Мәжілістің бүгінгі отырысында.
Оның сөзінше, балалар мекемелері мен білім беру ұйымдарынан 100 метр радиуста алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салатын бұрынғы норманы қайта енгізу қажеттілігі туындады. Сонымен бірге, депутат алкоголь өнімдерін сататын сауда орындарының санын шектеуді де ұсынды.
Үкіметке мынадай ұсыныстар енгізді:
Оқи отырыңыз: Әкесін аяусыз ұрып-соғып, қинап өлтірген түркістандық азамат елден кешірім сұрады