Елімізде судың сапасына қойылатын талаптар күшейтілмек

Сенат депутаттары су және денсаулық мәселелері жөніндегі хаттаманы ратификациялады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде судың сапасы мен санитариялық қауіпсіздікке қойылатын талаптар күшейеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сенат депутаттары су және денсаулық мәселелері жөніндегі хаттаманы ратификациялады. Құжат еліміздің су ресурстарын қорғауға, тіршілік нәрі арқылы таралатын аурулардың алдын алуға және халықтың денсаулық индикаторларын жақсартуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Қазақстан - Орталық Азиядағы суға тәуелді мемлекеттердің бірі. Сенаторлар ішкі инфрақұрылымның сын көтермейтінін жеткізді. Мәселен, елімізде сумен жабдықтау желілерінің 60-70 пайызы тозған. Ал ауыл халқының 40 проценті әлі күнге орталықтандырылған суға толық қол жеткізе алмай отыр. Сондықтан депутаттар мәселені кешенді саясат ретінде қарастыруды ұсынды.

«Су кодексі маңызды реформаларды бастады. Бірақ бұл жеткіліксіз. Су сапасы мен санитарияны халықаралық стандарттармен бекіту қажет. Міне, дәл осы жерде Су және денсаулық проблемалары туралы хаттама шешуші рөл атқарады», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Арман Өтеғұлов.

Оқи отырыңыз: Таза Қазақстан: Өңірде тазалық жұмыстары қысы, жазы, тоқтаусыз жүргізілуі қажет - әкім

Новости партнеров