Елімізде жылына қанша тонна ет тұтынады

Almaty.tv
Almaty.tv

Соңғы үш жылда ет түрлері бойынша жылдық тұтыну көлемі белгілі болды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан халқы жылына орта есеппен 1 млн 260 мың тоннадай ет тұтынады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ресми статистика деректеріне сәйкес, соңғы үш жылда ет түрлері бойынша жылдық тұтыну көлемі мынандай:

Сиыр еті – шамамен 445,6 мың тонна (2022 ж. – 521,6 мың т, 2023 ж. – 395,7 мың т, 2024 ж. – 419,6 мың т);

Қой еті – шамамен 129,9 мың тонна (2022 ж. – 145,3 мың т, 2023 ж. – 129,2 мың т, 2024 ж. – 115,2 мың т);

Жылқы еті – шамамен 168,2 мың тонна (2022 ж. – 160,4 мың т, 2023 ж. – 170,3 мың т, 2024 ж. – 173,7 мың т);

Шошқа еті – шамамен 68,7 мың тонна (2022 ж. – 86,1 мың т, 2023 ж. – 62,1 мың т, 2024 ж. – 57,8 мың т);

Құс еті – шамамен 447,3 мың тонна (2022 ж. – 430,8 мың т, 2023 ж. – 460,1 мың т, 2024 ж. – 452,4 мың т).

Жалпы, ел тұрғындары жылына шамамен 1 260 мың тоннадай ет тұтынады.

 Дереккөз: ҚазАқпарат

Оқи отырыңыз:Наурыз көже дайындауда нені ескерген жөн 

Новости партнеров