Оны ұстау кезінде жалпы салмағы 1,5 келі есірткі тәркіленді
Еліміздің бірнеше өңіріне есірткі тасымалдаған курьер ұсталды. Қостанайлық күдікті интернет-дүкен арқылы меткатинон мен марихуана жеткізумен айналысқан, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Оны ұстау кезінде жалпы салмағы 1,5 келі есірткі тәркіленді. Бұл – 10 мыңнан астам бір реттік доза. Осылайша, есірткінің заңсыз айналымға түсу жолы кесілді. Күдікті заңсыз жүкті жасыру үшін есірткіні вакуумдық пакеттерге салып, құрғақ сүт қаптамаларының ішіне орналастырған.
«Ішкі істер министрлігі ел аумағында есірткі заттарын байланыссыз тәсілмен өткізумен айналысатын интернет дүкендерін заңсыз қызметін анықтау және жолын кесуге бағытталған «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында жүйелі жұмысын жалғастыруда. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қылмыстық схеманы ұйымдастырушыларды, есірткі жеткізу арналары мен интернет есірткі дүкенінің жұмысына қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтау жұмыстарын жүргізуде», – деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.
Оқи отырыңыз: Ақтөбедегі базарлардың бірі отқа оранды