Елорда маңында 3 көлік соқтығысып, апаттан 5 адам қаза тапты

22.06.2026 13:54

Оқиға орында 2 көлік отқа оранып, жанып кеткен 

Елорда маңында 3 көлік соқтығысып, апаттан 5 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға Астана – Қорғалжын тас жолында болған, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Соққының қатты болғаны соншалық, 2 көлік отқа оранып, түгелдей жанып кеткен. Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қаза тапқандардан бөлек, тағы 5 адам түрлі жарақаттанып жедел ауруханаға жеткізілген. Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

«21 маусым күні Астана – Қорғалжын автожолында Kia, Toyota Fortuner және Toyota Land Cruiser көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, апаттың барлық мәнжайы анықталуда. Осыған байланысты Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдық режимінен аспауға және жолда аса мұқият болуға шақырады», – деді Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Азамат Байғазин.

Оқи отырыңыз: Қазақстан жолдарында 250 жол бойындағы сервис станциясы салынады