Елордада 18 жастағы студент көпірден секіріп кетті

16.10.2025 21:58

Полицейлер қайғылы оқиғаның себебін анықтап жатыр

Аlmaty.tv

Қалалық полиция департаменті ақпаратты растады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.  

«Өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Алдын ала мәліметке сәйкес, 18 жастағы астаналық көпірден секіріп кеткен. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу амалдары жүргізіліп отыр», — деп хабарлады полиция департаменті.

Қазір полицейлер бұл қайғылы оқиғаның себебін анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз: Қаскелеңде 21 жастағы қыз кісі қолынан мерт болды