42 жастағы құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды
Елордада қоғамдық тәртіпті бұзған азамат жауапқа тартылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке жасап.
Астанада патрульдеу барысында полиция қызметкерлері сауда үйлерінің бірінің жанындағы аялдамада орындықта ұйықтап жатқан ер адамды байқады. Қоғамдық орында болу себебін анықтау кезінде азамат кенеттен агрессия танытып, жерден тас алып, аялдама павильонының шынысын сындырған.
Сондай-ақ ер адамның жол жүру бөлігін кесіп өтіп, көлік қозғалысына кедергі келтіргені және жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндіргені анықталды. 42 жастағы құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды. Полиция тарапынан вандализм, бұзақылық және мәдениетсіздік әрекеттеріне “нөлдік төзімділік” қағидатын енгізу бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда.
Жыл басынан бері бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру фактілері бойынша 115 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 61-і қамауға алынған.
“Заң және тәртіп” тұжырымдамасы аясында полиция кез келген құқықбұзушылыққа қатаң түрде тосқауыл қоймақ.
Тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпке құрметпен қарап, құқықбұзушылықтардың куәсі болған жағдайда 102 нөміріне хабарлауды сұрайды.
Оқи отырыңыз: Қысқамерзімді кәсіптік оқыту курсын аяқтағандар қалай жұмысқа орналасады