Елордада бес көлікті жалын шарпыды

06.10.2026 10:00

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр

112

Астананың Сарайшық ауданында, А. Байтұрсынұлы көшесінде тұрғынүй кешенінің жанындағы автотұрақта бес жеңіл автокөлік өртенді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі 112-ге сілтеме жасап.

Құтқарушылардың алғашқы бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде, көліктердің барлығы ашық жалынмен жанып жатқан. Қатты желдің салдарынан жалын бір-біріне жақын тұрған көліктерге тез тараған.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер 7 минут ішінде жетіп, өртті жедел түрде сөндірді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Қатты жел кезінде оттың таралуы өте жылдам болуы мүмкін. Өрт белгілерін байқасаңыз, дереу 112 нөміріне хабарласыңыз.

Толық көрсету