Елордада дала өрті 76 пайызға төмендеген

Өрттің негізгі факторы көп жағдайда азаматтардың өрт қауіпсіздігін сақтамауынан туындайды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордада дала өрті 76 пайызға төмендеген. Статистикаға сүйенсек, 2023 жылы мұндай деректің 276-сы тіркелсе, былтыр бұл көрсеткіш 66-ға азайған, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Ал жыл басынан бері 23 дала өрті болған. Өңірде қазірдің өзінде апаттың алдын алу шаралары күшейтілді. Мәселен қауіпті кезең басталғалы 286 гектар аумақта құрғақ шөп шабылып, арнайы профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Құрғақ және қамыс өсімдіктерін шабу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні 525 гектар аумаққа 66 учаске белгіленген. Қазіргі таңда 286 гектар аумақ шабылды», – деді  «Есіл» ауданы ТЖБ бастығының орынбасары Сағадат Әнес.

Өрттің негізгі факторы көп жағдайда азаматтардың өрт қауіпсіздігін сақтамауынан туындайды. Ал ережені елемегендер 20 айлық есептік көрсеткіштен 500-ге дейінгі мөлшерде айыппұл арқалайды. Сондықтан төтеншеліктер табиғат аясына шыққанда аса сақ болуға шақырады.

«Өрт қауіпті кезеңінде табиғат аясында демалу барысында өрт қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұраймыз. Сондай-ақ саяжай серіктестіктерінде тазалық жұмыстарын сенбіліктер ұйымдастыру кезінде қоқыс қалдықтарын немесе құрғақ өсімдіктерді жақпауды сұраймыз», – деді Сағадат Әнес.

Оқи отырыңыз: +40 градустан жоғары: мамандар ескерту жасады   

Новости партнеров