Елордада есірткі саудасының жолы кесілді: 3 келіден астам мефедрон тәркіленді
Күдікті қамауда отыр
Астанадан Талдықорғанға ірі көлемде есірткі жеткізбек болған 32 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Елордалық полицейлер күдіктінің көлігін тоқтатып, тінту жүргізген. Нәтижесінде артқы жолаушылар орындығының астынан ұнтақ салынған екі орама табылған. Тексеру кезінде 2 келі 148 грамм мефедрон және 506 грамм психотроптық зат анықталыпты. Күдікті кінәсін мойындап, одан әрі таратуға арналған психотроптық зат жасырылған орынды көрсеткен.
Сол жерден полиция қызметкерлері тағы 992 грамм тыйым салынған ұнтақ тапқан. Осылайша, заңсыз айналымнан жалпы салмағы 3 келі 646 грамм психотроптық зат алынды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Күдікті қамауда отыр.
Оқи отырыңыз: Миллионер әже: Түркістан облысында еріктілер ескі үйдің шатырынан ақша тауып алды