Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне енген күні елордадағы Мәңгілік Ел даңғылының бойында, Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік архиві мен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының жанында жаңа аллея ашылды, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Конституциялық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана жаңа қоғамдық орындарды ашуды дәстүрге айналдырып келеді. Бұл аллеяның өзіндік ерекшелігі бар, ол оның символдық мәнінде.
Конституция – мемлекеттің Ата Заңы ғана емес, күнделікті өмір мен нақты істерде көрініс табатын ортақ құндылықтардың негізі. Аллеяның дәл осы күні ашылуы жасампаздыққа, қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы ортаны жасауға әрі дамытуға деген ұмтылысты және еліміздің одан әрі көркеюіне ортақ жауапкершілікті білдіреді.
Оқи отырыңыз: Академик Асқар Жұмаділдаев жаңа Конституция туралы пікір білдірді