Елордада теміржол қызметкері тоққа түсіп, мерт болды

23.06.2026 14:11

Марқұм 43 жаста, артында жұбайы мен 7 баласы қалды

Елордада теміржол қызметкері тоққа түсіп, мерт болды,  деп хабарлайды Аlmaty.tv

Қайғылы оқиға 14 маусымда күні Астана стансасындағы тарту қосалқы стансасы аумағында болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қызметкер байланыс желісінің фидер ұяшығына өз еркімен кіріп, кернеуі жоғары электр тогының әсеріне ұшыраған.

Марқұм 43 жаста, артында жұбайы мен 7 баласы қалды.

ҚТЖ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір белгіленген тәртіпке сәйкес тергеу жүргізілуде. Оқиғаның мәнжайы мен себептері комиссия қорытындысы бойынша анықталады

Оқи отырыңыз: Беттін жапқан 1600-ден астам азамат жауапкершілікке тартылды - ІІМ