Елордадағы қайғылы оқиға: МИБ төрағасы оқиғаның мән-жайын айтты

10.11.2026 14:58

Қаза тапқан 2 жасөспірім қызға қатысты өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Almaty.tv

Астанада 13-қабаттан құлап қаза тапқан 2 жасөспірім қызға қатысты өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қайғылы оқиға кеше кешкі уақытта елорданың Есіл ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, көз жұмған қыздар кәмелет жасына толмаған. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ. Қайғылы жағдай кезінде сол маңда жүрген МИБ төрағасы дереу жедел қызметтерді шақыртыпты.

Оның сөзінше, бейнебақылау камераларына түсіп қалған жазбадан қыздардың ұзақ уақыт балконда отырғаны көрінеді.

«Видеодан көрдім. Ұнжырғасы түсіп, көңіл-күйсіз, жылап кірді. Балконға кіріп бара жатқанда қолында бір қағаз болды. Оны қасындағы қызға береді де есікті жауып алады. Сағат 18:40-та камерадан қарасақ, балалар жерде жатыр. Екеуі 1,5 сағат балконда отырған», – деді МИБ-тің төрағасы Ләйлә Кенжебаева.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде тұрғын заңсыз төккен қоқысын қайта жинады

Толық көрсету