Бұл қадам қала көшелеріндегі көлік қозғалысын реттеп, кептелісті азайтуға бағытталған
Елордадағы кейбір мекемелердің жұмыс уақыты өзгерді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мемлекеттік салада қызметкер таңғы 07:30-дан кешкі 17:00-де жұмыс істейді. Мұндай қадам қала көшелеріндегі көлік қозғалысын реттеп, кептелісті азайтуға бағытталған. Мамандардың болжамынша, бұл өзгеріс жолдағы жүктемені 15–20 пайызға дейін төмендетуге ықпал етеді. Ал жеке кәсіпорындар, мектептер, балабақшалар, ауруханалар мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының кестесі бұрынғыша қалады.
«15 қыркүйектен бастап Астана қаласында бірнеше ұйымдардың жұмыс уақыты өзгеретін болады. Нақты айта кетсек коммуналдық қызмет ұйымдарымен Астана қаласының әкімдігі жұмыс уақытын сағат 7:30 дан бастайды. Ал кейбір мемлекеттік органдар мен жартылай мемлекеттік компаниялардың жұмысы сағат 07:30-8:00 аралығында болады», – деді Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Мирас Әбдірахман.
Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында жүзден аса киіктің өлексесі табылды