Елордалықтар фельдшер Ұлдана Мырзуанды жер қойнына тапсырды

19.11.2025 14:17

Қаладағы тоғыз қабатты үйдің қасбеті құлап, көмекке келген 23 жастағы фельдшер де ауыр жарақат алған еді

Елордалықтар қызметі барысында ауыр жарақат алып, қайтыс болған фельдшер Ұлдана Мырзуанды жер қойнына тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өз өмірін қатерге тігіп, 2 адамды аман алып қалған марқұмды жерлеу рәсімінде құрметті қарауыл сап түзеп, жедел жәрдем көліктерінің сиренасы қосылды. Еске сала кетейік, оқыс жағдай 8 қарашада Астанада болған. Қаладағы тоғыз қабатты үйдің қасбеті құлап, көмекке келген 23 жастағы фельдшер де ауыр жарақат алған еді. Алайда 10 күн жансақтау бөлімінде жатқан Ұлдананы аман алып қалу мүмкін болмады.

Фельдшерлік қызметте 5 жыл адал жұмыс істеп, жақында ғана тұрмысқа шыққан марқұмды Мемлекет басшысы «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады.