Ең төменгі жалақы мөлшері өсе ме

11.06.2026 13:14

ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин жауап берді

Almaty.tv

ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Үкіметте 2026–2029 жылдарға арналған халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар таныстырылғаннан кейін ұйымдастырылған баспасөз конференциясында ең төменгі жалақыны көтеру жөнінде мәлімдеме жасады,  деп хабарлайды Аlmaty.tv

"Ең төменгі жалақы мөлшерін көтереміз. Бірақ қаншаға екенін қазір айта алмаймыз. Бәрі бюджеттің мүмкіндіктеріне байланысты. Қазір 2027 жылдың бюджетін қалыптастыру бойынша жұмыс жүріп жатыр. Ал 2025 жылдың деректер статистикасы биыл 1 тамызда шығады. Онымен 2026 жылдың жарты жылындағы статистиканы қоса есептеп, осы деректер негізінде 2027 жылы бюджетке қанша кіріс түсетіні жөнінде болжам жасаймыз. Соның арқасында ең төменгі жалақы мөлшерін қаншаға арттыруға болатыны анықталады", – деді ол. 

Оқи отырыңыз: Елімізде жыл сайын 240 мыңға дейін сапалы жұмыс орны құрылады