Енді мұнай-газ саласындағы қондырғыларды телефонмен де басқаруға болады

Ақтауда мұнай өндірудің заманауи қондырғылары таныстырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде мұнай мен газ өндіру саласына жаңа технологиялар еніп жатыр. Енді қара алтынды шығару қондырғыларын техниканың күшімен емес, кәдімгі телефон немесе компьютермен басқара беруге болады. Бүгін Ақтау қаласында сала мамандары бас қосқан көрмеде аталмыш қондырғылар көрсетілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

ХІ Орталық Азиялық Caog көрмесіне 200-ден астам қытайлық компания қатысты. Олар бұрғылау мен мұнай өндіруге арналған түрлі жабдықтарды ұсынды. Айтпақшы, көрме жыл сайын Актау қаласында өткізілетін болады.

Қазір мұнай ісінде алып тербелмелі қондырғылар жұмыс істесе, кейін бұл техника мұнайды тігінен тұрып шығара беретін шағын әрі жеңіл станоктарға ауысуы мүмкін. Тоқты да үнемдейтін әрі басқаруы да жеңіл жаңа әдістерді қазір бірнеше шетелдік мекеме пайдаланады екен.  

«Мұндай қондырғылар, ең алдымен, экологияға ешқандай зиян тигізбейді. Сыртына майды төкпейді, мұнай қалдықтарын сыртқа шығармайды. Сонымен қатар техниканы кен орнына апарып орналастыру өте қолайлы. Қазір аталмыш технологияны АҚШ, Қытай және т.б мемлекеттерде қолданып жатыр. Қауіпсіздік жағынан да ұтымды тұсы көп», - деді өндіруші компания өкілі Чи Шау. 

Ал жергілікті мұнайшылардың айтуынша елімізде мұнай-газ саласының дамуы жақсы қарқын алған. Қара алтынды өндіретін компаниялар соңғы үлгідегі технологияларды қолдануда кенде емес. Мәселен бұрғылау, жер астынан мұнай мен газды шығару қондырғылары, клапандар мен генераторлар соңғы үлгіде жаңартылған көрінеді. Десе де, отандық сарапшылар шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу артық етпейді деген сенімде.  

«Біз көрмеген жаңа технологиялар бар. Солармен танысып, жаңа технологияның Маңғыстауда жұмыс істегенін көргіміз келеді. Олардың өзгешелігі: қауіпсіз әрі өнімді жұмыс істейді. Көрсеткіші мықты. Сондықтан бізде қазір біртіндеп еншізіліп жатыр», - деді мұнай-газ саласының маманы Асқар Бердіғұлов.

Оқи отырыңыз: Жаңа Салық кодексі: жеңілдетілген режим кімдерге қолжетімді болады

Новости партнеров