Енді ұл тусам: Баян Алагөзова арманын айтты

29.04.2026 20:55

Ол әнші, Халық әртісі Майра Ілиясова және Майра Мұхамедқызымен түскен суретін жариялап, әзіл-шыны аралас тілегін жеткізді

instagram.com/bayanmaxatkyzy

Продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, оқырманды ойландырып қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол әнші, Халық әртісі Майра Ілиясова және Майра Мұхамедқызымен түскен суретін жариялап, әзіл-шыны аралас тілегін жеткізді.

«Екі Майраның, екі Халық әртісінің ортасында тұрып тілек тіледім. Енді ұл тусам ба деп ойлап тұрмын», - деп жазды продюсер.

Суреттен олардың әріптес әрі көп уақыттан бері дос екені байқалады.

«Ескі достар мен ескі кітаптардан асқан не бар? Сіздерді көргеніме қуаныштымын, Баян мен Майра апай», -  деді Майра Мұхамедқызы.

Желі қолданушылары Баян Алагөзованың жазбасына таңданысын жасырмай, арманына жетуін тіледі.