Энергетикалық серпін: Қазақстанда 8 жаңа ЖЭО салынады

07.04.2026 10:40

Заманауи тазарту жүйелерін енгізу және қоршаған ортаға теріс әсерді азайту - жобаның негізгі бағыттарының бірі 

Depositphotos.com

Үкіметте Президенттің көмір генерациясын дамыту жөніндегі тапсырмаларының жүзеге асырылу барысы қаралады 8 жаңа ЖЭО салу және 11 стансаны жаңғырту көзделген. Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген көмір энергетикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мәселесі қаралды.

«Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда көмір энергетикасын дамытудың маңыздылығына тоқталып, көмірмен қуат өндіру ісі бойынша Ұлттық жоба қабылдауды тапсырды. Жоба аясында 5 жыл ішінде жаңа станса салу және қолданыстағы 11 стансаны жаңғырту есебінен 8 ГВт қосымша энергия қуатын алу көзделіп отыр»,— деп атап өтті Премьер-министр.

ҚР энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында Мемлекет басшысының көмір генерациясын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Ол Мемлекет басшысының көмір генерациясын дамытуға ұлттық жоба мәртебесін беру туралы тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет 2026 жылғы 20 наурызда «Көмір генерациясын дамыту» ұлттық жобасын бекіткенін атап өтті. Көрсетілген құжат жиынтық қуаты шамамен 7,8 ГВт болатын инвестициялық жобалар кешенін жүзеге асыруды көздейді. Ұлттық жобаның негізгі бағыттары:

озық технологиялық шешімдер негізінде көмір өндірудің жаңа жоғары тиімді қуаттарын енгізу;

заманауи тазарту жүйелерін енгізу және қоршаған ортаға теріс әсерді азайту;

 жұмыс істеп тұрған көмір электр стансаларының тиімділігі мен сенімділігін арттыра отырып, оларды кезең-кезеңімен жаңғырту;

көмір өндіру көлемін ұлғайту, сондай-ақ көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту;

персоналдың біліктілігін арттыру, еңбек жағдайларын жақсарту және сала қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуын күшейту;

 ұзақ мерзімді қаржыландырe көздерінен қаржы тарту және тұрақты инвестициялық базаны қалыптастыру.

«Жалпы, бұл жобаның құрылымы көмір өндірісін тар аяда дамуына емес, бүкіл саланың кешенді және жан-жақты дамуына бағытталған. Бұл жерде әңгіме генерацияны, инвестицияларды тартуды, отын-логистикалық инфрақұрылымды дамытуды, кадрлық әлеуетті және сабақтас бағыттарды нығайтуды қамтитын теңдестірілген тәсіл туралы болып отыр. Жүзеге асырудың мұндай жүйелі тәсілі мультипликативтік әсерді қамтамасыз етуге және тұтастай алғанда экономиканың тұрақты дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді»,— деп атап өтті Ерлан Ақкенженов. 

Оқи отырыңыз: Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға ҚР Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруды тапсырды