Энергетикалық нысандар түбегейлі жаңғыртылады

30.06.2026 13:55
Ақорда

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің энергетикалық және инфрақұрылымдық негізін нығайтуға қатысты пікір айтты. деп хабарлайды Аlmaty.tv.  

"Экономиканың жаңа үлгісіне көшу үшін алдымен энергетикалық, инженерлік және көлік-логистикалық инфрақұрылымды толыққанды дамыту қажет. Бұл маңызды үштаған кез келген елдің, соның ішінде Қазақстанның да негізгі тірегі саналады. Сондықтан біз энергетикалық және коммуналдық салаларды жан-жақты жаңғырту жұмысын қолға алдық. Осы мақсатта бұрын-соңды болмаған ауқымдағы Ұлттық жобаны іске асыру туралы шешім қабылданды", — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, оны жүзеге асыру үшін тек биылдың өзінде 1 триллион теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр.

"Артық шығынға әкеп соғатын тиімсіз «әрлеу, яғни жөндеу» тәсілінен бас тартып, өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін барлық нысан мен жүйелерді түбегейлі жаңғырту жұмысы жүргізіледі", — деді Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз: Тоқаев: Құрылтай технологиялық прогрестің жетекші факторы болады деп үміттенемін