Ер адамның мүрдесі табылды: ол әйел мен оның қызын өлтірді деп күдікке ілінген

27.03.2026 18:51

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды

Қарағанды облысында 38 жастағы әйел мен оның кәмелетке толмаған қызын өлтірді деп күдікке ілінген ер адамның өлі денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күдіктінің мәйітін Ақтоғай ауданындағы криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында анықтаған. Белгілі болғандай, ер адам өз атына тіркелген қарумен өзіне қол салған. Сондай-ақ бұған дейін бірге тұрған әйел мен қыз баланы да осы қарумен атқан көрінеді. Ал марқұмдардың мүрдесі Михайлов шағынауданындағы элиталық тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірінен табылды. Олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Криминалдық полиция қызметкерлерімен Ақтоғай ауданында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды қаласында әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікке ілінген 39 жастағы ер адамның мәйітін табылды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті өзіне тіркелген қаруды пайдаланып, өз-өзіне қол жұмсаған», – деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Оқи отырыңыз: Дроппер: адам алданғанын білсе, қандай әрекет жасауы керек