Ер азамат көз жұмды: Мюнхеннен Бейжіңге бағыт алған ұшақ Алматы әуежайына шұғыл қонды

26.12.2025 14:41

Алдын ала мәлімет бойынша, шетелдік азаматтың өліміне жүрек ауруы себеп болған

Мюнхеннен Бейжіңге бағыт алған Lufthansa әуе компаниясының жолаушылар ұшағы борттағы төтенше жағдайға байланысты Алматы әуежайына шұғыл қонды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің мәліметінше, рейс кезінде жолаушының жағдайы күрт нашарлап, ол есінен танып қалған. Осы оқиғаға байланысты әуе кемесі Алматыға шұғыл қону туралы шешім қабылдапты. Ұшаққа жедел түрде әуежайдың медициналық қызметі мен қалалық жедел жәрдем бригадасы жіберіліп, ер адамның ұшу кезінде көз жұмғанын анықтаған. Алдын ала мәлімет бойынша, шетелдік азаматтың өліміне жүрек ауруы себеп болған. Ал бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Аталған факті бойынша Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімі қылмыстық іс-қозғады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат Қазақстан Респулика Қылмыстық процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді», – деді ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің ресми өкілі Ләззат Қасымжанова

Оқи отырыңыз: 2026 жылдан бастап 60 мыңнан астам алматылық қосымша түрде МӘМС жүйесімен қамтылады