Ер азаматтардың декрет демалысындағы уақыты еңбек өтіліне қосылатын болады

Парламент мәжілісі қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру және жұмыскерлердің құқығын қорғау мәселелеріне қатысты заңды екінші оқылымда қабылдады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде жұмыс істемейтін әкелердің декреттік демалысы зейнетақы тағайындау кезінде есепке алынады. Парламент мәжілісі қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру және жұмыскерлердің құқығын қорғау мәселелеріне қатысты заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құжатта көзделген өзгерістерге сәйкес, ресми түрде жұмыс істемеген әкелердің кәмелетке толмаған баланы күтіп-баққан уақыты еңбек өтіліне қосылып, зейнетақы есептеу барысында ескеріледі. Сонымен қатар заңда жалғыз өзі бала тәрбиелеп отырған ата-аналардың еңбек құқығын қорғау күшейтіліп, жұмыс берушілерге оларды жұмыстан шығаруға тыйым салу нормасы енгізілді. Осы өзгерістерге байланысты заңнамадағы «жалғызбасты аналар» ұғымы «жалғызбасты ата-ана» деп қайта қаралып, олардың құқықтық теңдігін қамтамасыз ету көзделіп отыр.

 «Өндірісте алған жарақаттың тереңдігі жөніндегі норма кодекске енді. Бұрын бұл мәселе 1994 жылғы методикалық әдіспен ғана реттеліп  келген. Ең аяғы баланы күтуге байланысты демалыста отыратын ер азаматтардың сол демалыста отырған кезі енді еңбек өтіліне қосылатын болады», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров.

Оқи отырыңыз: Нұрайдың өлімі: күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Новости партнеров