Ертең –  сайлау алдындағы тыныштық күні

21.08.2026 18:58
Almaty.tv

Ертең –  сайлау алдындағы тыныштық күні. Сағат 12:00-ден бастап үгіт жүргізуге және дауыс берушілердің таңдауына ықпал ететін кез келген саяси науқан өткізуге жол берілмейді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондай-ақ сайлау өтетін күні де насихат жасауға болмайды. Ол кезде дауыс беруге қатысты бірқатар шектеулер қолданылады. Мәселен толтырылған бюллетеньді фото, видеоға түсіруге және оны таратуға тыйым салынады. Алайда азаматтарға учаскеде суретке түсуге болады. Одан бөлек, сайлауға дейін орналастырылған, интернетте жарияланған үгіт материалдарын қайта шығаруға жол берілмейді.

Айта кетейік, үгіт-насихат жүргізу кезінде заң 21 рет бұзылған. Мұндай деректі Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі айтты. Сөзінше, заңды елемегендер туралы деректер құзырлы органға жолданған.

«Электоралды науқан басталғаннан бері министрлік сайлау заңнамасын бұзуға қатысты 21 факт анықталды. Қоғамдық пікір сауалнама нәтижелерін жариялауға тыйым салынған кезде, сауалнамалар нәтижелері қамтылған материалдар жарияланған. Әлеуметтік сауалнамаларды әлі де дұрыс жүргізіп отырған жоқпыз», – деді ҚР Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов.

Оқи отырыңыз: Құрылтай сайлауы: ел учаскелерінде 2 онлайн сервис іске қосылады

Толық көрсету