Есіл өзенінің деңгейі көтерілді

25.04.2025 14:45

Бөгетті нығайтуға 900-ден аса қызметкер жұмылдырылған

Almaty.tv (мұрағат)

Солтүстіктегі Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласында тасқынның үшінші толқыны жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Есіл өзенінің деңгейі 4 сантиметрге көтерілген. Десе де, мамандар судан келер қауіпке қарсы тұру үшін тынбай еңбек етіп, жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстап отыр. Ал облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Тепличное ауылындағы бөгеттің нығайтылып жатқанын жеткізді. Оған 900-ден аса қызметкер жұмылдырылған.

Оқи отырыңыз: Көкшетаудағы жылу көзін жөндеу үшін Үкіметтен 1 млрд теңге қаржы бөлінді