Есірткімен күрес: Атырауда биыл 500-ден астам рейд өткізілді

23.07.2026 19:57

Заңсыз өнімге қатысты 87 құқық бұзушылық анықталып, 32 қылмыстық іс қозғалды

Атырауда жыл басынан бері есірткіге қарсы 500-ден астам рейд өткізілді. Нәтижесінде, заңсыз өнімге қатысты 87 құқық бұзушылық анықталып, 32 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ал есірткіні таратумен айналысқан 8 адам ұсталды. Сондай-ақ интернет арқылы есірткі сатудың 7 фактісі анықталды. Осы ретте тәртіп сақшылары тұрғындарды есірткінің заңсыз айналымына қатысты кез келген ақпаратты хабарлауға шақырады. Аймақта есірткі жарнамасын насихаттайтын граффити жазуларын жою жұмыстары да тұрақты жүргізілуде.¤

«Аймақта есірткі жарнамасын насихаттайтын граффити жазуларын жою жұмыстары да тұрақты жүргізілуде. Егерде есірткі заңсыз айналымына қатысты қандай да бір ақпаратты білетін болсаңыздар 102 арнасына хабарласуыңызды сұраймын», – деді Атырау облыстық ПД ақпараттық саясат бөлімінің инспекторы Асылай Айбекқызы.

Оқи отырыңыз: Грантқа түсіреміз: алаяқтар магистратураға тапсыратындарды қалай алдайды