Есірткі бизнесі: Атырауда қызылордалық күдікті ұсталды

02.10.2025 14:08

Тексеру барысында 312 грамм болатын мефедрон тәркіленді

Almaty.tv

Атырауда есірткі бизнесімен айналысқан Қызылорда облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Полиция 41 жастағы әйелді «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында анықтаған.

Тексеру барысында 312 грамм болатын мефедрон тәркіленді. Қазір күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Оқи отырыңыз: Қауіпті препарат: Түркістан облысындағы дәріханаларды тексеру басталды