Есірткі саудасы: Алматыда 3 қылмыстық топ анықталды

13.10.2025 15:10

Сондай-ақ заңсыз жолмен келген 255 миллион теңге мемлекетке қайтарылып, екі есірткі зертханасының қызметі тоқтатылған

Алматыда 9 айда 500-ден аса есірткі қылмысының беті ашылды. Нәтижесінде жарты тонна улы зат тәркіленген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондай-ақ заңсыз жолмен келген 255 миллион теңге мемлекетке қайтарылып, екі есірткі зертханасының қызметі тоқтатылған. Ал оқиғаға қатысы бар 3 қылмыстық топ анықталды. Оларға тиісті шара қолданылған. Зиянды затты тарату үшін пайдаланылған 2200 ғаламтор ресурсы бұғатталды. Полиция департаментінің дерегінше, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында қазір жер-жерде кездесулер ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары да жиі жүргізіліп жатыр.

«Полиция қызметкерлері қазіргі заманғы цифрлық технологияларды белсенді түрде қолдануда. Ұлттық банк және Мәдениет және ақпарат министрлігімен өзара іс-қимыл нәтижесінде биыл 1,5 мыңға жуық банк картасы, 5 мыңнан астам шетелдік банк карталары және есірткіні заңсыз айналымына қатысы бар 312 криптоәмиян анықталып, бұғатталды», – деді Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

Оқи отырыңыз: 8 айда 88 мыңнан астам қылмыстық құқық бұзушылық жасалды