Есірткі саудасы: Қазақстанда 3 мыңнан астам қылмыс анықталды

05.12.2025 16:14

Мұндай фактілер Шымкентте, Маңғыстау мен Астанада да тіркеліпті

Қазақстанда есірткі айналымына қатысты 3 мыңнан астам қылмыс анықталды. Күдіктілер зиянды заттарды сату, сақтау және интернетте жарнамалау кезінде ұсталған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жедел іздестіру шаралары кезінде полиция бірнеше жасырын зертхананы тауып, аса көп мөлшерде есірткі тәркілеген.

Атап айтқанда, Алматы-Екатеринбург бағытындағы бекетте 18 келі гашишті Астанаға апара жатқан азамат ұсталды. Бұдан бөлек, Қарағанды облысында есірткі зертханасын ұйымдастырған екі адам анықталды. Ал Алматыда тәртіп сақшылары екі есірткі тобын ұстаған. Мұндай фактілер Шымкентте, Маңғыстау мен Астанада да тіркеліпті. Құзырлы органдар есірткі қылмысына қарсы күресті жалғастырып, бақылауды күшейтіп жатқанын мәлімдеді.

 «Ішкі істер министрлігі есірткіні тасымалдау, сақтау немесе заңсыз айналымға көмектесу  қылмыс екенін ескертеді. Министрлік азаматтарды сақ болуға және күмәнді ұсыныстарға келіспеуге шақырады. Қоғамның қауіпсіздігі әр азаматтың жауапкершілігіне байланысты», – деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.

Оқи отырыңыз: Моланың күміс айшықтарын жұлып тастаған: Атырауда үш оқушыны ұсталды