Науқанның негізгі мақсаты – нашақорлыққа әуестікті тоқтатып, оның таралуын азайту
Алматыда Бостандық ауданы Прокуратурасының мұрындық болуымен «Есірткіге жол жоқ» ауқымды акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Науқанның негізгі мақсаты – нашақорлыққа әуестікті тоқтатып, оның таралуын азайту. Аталған іс-шараға уәкілетті органдар мен жоғары оқу орындары жанындағы қоғамдық бірлестіктер атсалысып жатыр.
"Мемлекет басшысы атап өткендей, «Салауатты ұлт – елдің әл-ауқатының негізі». Бүгінгі таңда есірткінің таралу проблемасы бүкіл халықтың қауіпсіздігіне нақты қатер болып қала береді және осы бағыттағы барлық мүдделі органдардың шараларын күшейтуді талап етеді", – деді Бостандық ауданы Прокурорының орынбасары Нұржан Қазантаев.
Оқи отырыңыз: «Жасыл аула» акциясы: алматылықтарға тегін көшетті қайдан алуға болады