Есірткі жарнамасы үшін заң бойынша 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған
Алматыда жыл басынан бері 1300-ден астам наркограффити анықталып, есірткі жарнамалайтын 150 сайт бұғатталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Психотроптық заттарға үгіттейтін жазбаларды жою үшін құқық қорғау органдары мен еріктілер ауқымды науқан ұйымдастырды. Оның аясында қабырғаларға жазылған заңсыз сайттардың атауы өшіріліп, оқушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, есірткі жарнамасы үшін заң бойынша 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
«Бұл науқанға жастарды, студенттерді, коммуналдық, білім беру мекемелерінің қызметкерлерін шақырып, бірлесе жұмыс жасаймыз. Білесіздер, бұл мәселе жастар арасында өте өзекті. Жыл басынан бері 140 наркограффити анықталып, есірткі заттарын жарнамалайтын 150 сайт бұғатталды. Бұл жұмыстарды күнделікті жүргіземіз», – деді Жетісу ауданы прокурорының орынбасары Асқар Естаев.
Оқи отырыңыз: Павлодарда мопед жүргізушісінен есірткі тәркіленді