Есірткімен күрес: елімізде 63 зертхана жойылды

09.01.2025 15:32

7 мыңнан астам сайттың жұмысы тоқтатылған

Елімізде 1 жылда есірткі жеткізудің 94 ішкі арнасы жойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нәтижесінде 137 келіден астам синтетикалық апиын және 2 тонна прекурсор тәркіленген. Ішкі істер министрлігі есірткіге қатысты 8 мыңға жуық құқық бұзылғанын анықтады. Ал  улы заттарды тұтыну үшін притон ұйымдастыру және ұстау бойынша 7 дерек анықталыпты. Сонымен қатар 63 зертхана жойылып, 7 мыңнан астам сайттың жұмысы тоқтатылған.

"Бұл бағытта халықаралық ынтымақтастық маңызға ие. Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп Жамбыл облысында екі сыртқы операция жүргізілд. Бұл екі трансұлттық есірткі каналының жолын кесуге мүмкіндік берді. 16 келіден астам гашиш тәркіленді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда", – деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

Оқи отырыңыз: Алматыда алғашқы қар еріту пункті іске қосылды