Ескендір Тоғыспаев өмірден озды

23.01.2026 18:15

«Алматы» телеарнасының ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады

Almaty.tv

«Алматы» телеарнасының ардагері, әріптесіміз Ескендір Тоғыспаев өмірден озды.

Ол саналы ғұмырын телевизия саласына арнап, отандық арналарда оператор ретінде абыройлы қызмет атқарды. Оның ақкөңіл, парасатты мінезі мен жарқын бейнесі әріптестерінің жадында мәңгі сақталады.

«Алматы» телеарнасының ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады