Ескірген электр желісі: ШҚО-да тұрғындар майшам жағуға мәжбүр

25.12.2025 20:06

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында апат жиілеген

Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарындағы электр желілері 84 пайыз ескірген. Салдарынан қос өңірде тек былтыр мың жарым мәрте жарық өшкен. Кейбір алыс ауылдардағы трансформаторлардың қойылғанына 40-50 жыл болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Электр желісінің ескіруі салдарынан Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында апат жиілеген. Былтыр тұрғындар жарықтың жиі өшуінен тас қараңғыда қалған күндер көп болды десе, биыл да жағдай оңалмай тұр. Оның үстіне, жылу қоса өшіп, жұрт әбден әбігерге түскен.

«Электр қуатына қатты тәуелдіміз, онсыз тіршілік ету мүмкін емес. Жарық болмаса, бәрі тоқтайды. Теледидар көре алмайсың, тамақ та дайындай алмайсың. Мұндағы тоңазытқыштар, пеш бәрі электр қуатымен жұмыс істейді. Қыстыгүні мүлде қиын. Суық, тас қараңғыда отырамыз», – деді облыс тұрғыны Татьяна Толстова.

Айта кетейік, электр желілерінің тозуы бойынша Шығыс Қазақстан және Абай облыстары көш бастап тұр. Қос өңірге бір энергосервистік компания қызмет көрсетеді. Бүгінде компания балансында шамамен 35 мың шақырым электр желісі бар. Ал  мамандар мұндай шақырымды бірден жаңарту мүмкін емес екенін айтты.

«Мұндай ауқымды шаруаны бірден жаңарту мүмкін емес. Сондықтан жұмыс кезең-кезеңімен жүргізілуде. Алдағы бес жылда тозу деңгейін кемінде тағы 11 пайызға төмендету жоспарланып отыр», – деді  «Біріккен энергосервистік компания» АҚ  баспасөз хатшысы Әйгерім Арғынбай.

Салаға жауаптылар өңірдегі электр мәселесі кезең-кезеңімен шешіледі деп сендіріп отыр. Ал қараша оған дейін қас қарайса майшам майлауға мәжбүр.

Диана Тұрлыбек, Руслан Мұхамедьяров, ШҚО

Оқи отырыңыз: Қыста сақтық шарасын сақтаңыз: таулы жерде адасып кеткендер саны көбейген