Өнім иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалып, сот қарауына жіберілді
Карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау мемлекеттік инспекторлары қауіпті өнімнің ішкі нарыққа енуінің жолын кесті, - деп хабарлайды Almaty.tv. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Беларусь Республикасынан (шығарылған елі — АҚШ) жеткізілген көлемі 14,3 тонна күнбағыс тұқымын тексеру барысында оның күнбағыс фомопсисі ауруымен залалданғаны анықталды.
Бұл ауыл шаруашылығы дақылдары үшін айтарлықтай қауіпті, ол өнім түсімінің азаюына және өнім сапасының төмендеуіне соқтырады.
Өнім иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалып, сот қарауына жіберілді.
Зиянды өнімдердің ел аумағына өтуіне жол бермеу, шекарадағы фитосанитариялық бақылауды күшейту жолында жұмыстар жалғасуда.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда орташа жалақы қанша теңгені құрайды