Ғалымдар Алматының болашағына қатысты аналитикалық деректер ұсынды

Басқосуда урбанистика, экология, көлік логистикасы, сейсмикалық қауіпсіздік және цифрландыру мәселелері көтерілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда мегаполистің тұрақты дамуы талқыланды. Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырған жиынға қала әкімінің орынбасары, жетекші ғалымдар мен сарапшылар қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Басқосуда урбанистика, экология, көлік логистикасы, сейсмикалық қауіпсіздік және цифрландыру мәселелері көтерілді.

 «Алматы және оның агломерациясы өте тығыз халде болып тұр. Жыл сайын экономикалық, демографиялық, миграциялық, әлеуметтік өзгерістер болып жатыр», – деді ҚР Президенті жанындағы ҰҒА бас ғылыми хатшысы Исмаил Тоқбергенов.

Ғалымдар Алматының болашағына қатысты аналитикалық деректер мен форсайт-зерттеулерді ұсынды. Мамандар мегаполистің қарқынды дамуын ескере отырып, суды тиімді пайдалану, инфрақұрылымды жаңғырту және экологиялық тепе-теңдікті сақтау сынды басым бағыттарды атап өтті. Іс-шара соңында қатысушылар нақты ұсыныстар мен практикалық шешімдер әзірледі. Олар алдағы уақытта қала дамуының стратегиялық құжаттарына енгізілмек.

«Алматы қаласында көптеген проблема бар. Қаланың экологиясы, кептелістер, инфрақұрылымдық мәселелер, сейсмикаға байланысты мәселелер бар. Қала қауіпсіздігі, сумен қамтамасыз ету – жылдар бойы жиналған түйткілдер. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – Алматы қаласының әкімдігіне, басшылығына ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу», – деді  халықаралық білім беру корпорациясының ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Жанғазы Молдамұратов.     

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы күзгі ағаш отырғызу жоспарын талқылады

Новости партнеров